ШЫМКЕНТ: 60 жуық ата-ана бала асырап алған

0
2 797

Былтыр Шымкентте 56 жұбай бала асырап алса, 57 азамат сот шешімімен әке деп танылып, алимент төлеуге міндеттелген.


ШЫМКЕНТ: 60 жуық ата-ана бала асырап алған

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Өткен жылы 56 шымкенттік сот арқылы бала асырап алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылы 57 шымкенттік азамат сот шешімімен әке деп танылып, алимент айқындалса, 29 тұлға ата-аналық құқығынан айырылған. 25 ажырасқан бұрынғы ерлі-зайыптының балаларының қай ата анамен қалатындығы сот арқылы анықталған. Бала асырап алудың күшін жою туралы 4 іс қаралған. Ал бұрынғы жұбайлар арасында баламен кездесуді ұйымдастыру туралы 56 азаматтық іс қаралыпты. Бұл туралы Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айтылды.

"Ажырасқан ата-аналар балалармен кездесу уақытын белгілеу туралы алдымен білім басқарамаларына өтініш білдіре алады. Бұл сатыда келісімге келе алмаған ата-налар сотқа жүгініп, сот арқылы дауды шешуге тура келеді. Кәмелетке толмағандарға қатысты азаматтық істердің арасында осы санаттағы істер азаймай тұр. Көбінде ажырасқан аналар: "Баланың психикасына әсер етеді деген секілді уәждерді алға тартып, баланың әкесімен кездесу белгілеуден бас тартып жатады. Біз бітімгерлікке келуге үндейміз",- Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы Феруза Балтаева.

18.07.2018 жылдан бастап кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа 348 азаматтық талап арыз келіп түскен. 252 іс аяқталып, 165 шешім шыққан.

Өткен жылы кәмелетке толмағандар жөніндегі сотқа 267 тұлғаға қатысты 52 қылмыстық іс кеп түскен. 15 сотталушыға қатысты сот үкімі оқылған. 18 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.Екі сотталушы шартты жазаға кесілген. Сот үкімімен екі тұлға қоғамдықжұмысқа тартылған. Оның ішінде онша ауыр емес санатындағы қылмыспен болса, енді бірі қылмыстық теріс қылығы үшін қоғамдық жұмысқа жегілген. Ауыр санаттағы қылмыспен 9 сотталушы бас бостандығынан айырылған. Соның ішінде балаларрға жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған екі азамат темір торға тоғытылған. Ал кәмелетке толмағандардың арасында тонау мен ұрлық қылмысы өршіп тұр дейді судьялар.


"2018 жылдың шілдесінен бастап Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты құрылған болатын. Сол уақыттан бері екі сотталушыға қатысты жасы кәмелетке толмаған балаларға жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны үшін сот үкімі шықты. ҚР ҚК нің 124 бабы, 1-ші бөлігімен айып тағылған болатын. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Одан бөлек қосымша, педагогикалық қызмет атқарудан өмір бойына шектеу секіілді жазалар қарастырылған. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасында ұрлық пен тонау секілді қылмыстар тыйылмай тұр. Ұялы телефонын тартып алу көптеп кездеседі",- дейді судья Алтын Білтебай.