ШЫМКЕНТ: 8 елдімекенде табиғи газбен қамту жұмыстары аяқталды

0
455

2025 жылы елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу көзделуде.


ШЫМКЕНТ: 8 елдімекенде табиғи газбен қамту жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022 жылы 18 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылды. Жыл қорытындысымен шаһардағы 81 елді мекеннің 31-і жартылай қамтылса, 8 елді мекенді табиғи газбен қамту бойынша тиісті жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, өткен жылы Тассай, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Батыс, Тұран (екінші кезек), Сәуле, Тұран (үшінші кезек), Асар-2 (үшінші кезек), Солтүстік саяжай, Сәуле магистралды газ құбыры, Қайнарбұлақ (1,2 кезек), Бозарық (74 га аумағы) елді мекендерінде тиісті жұмыстар жүзеге асырылды.
Былтыр 2 магистралды желі (Сәуле, Ақтас магистралды газ құбыры), 8 елді мекенде (Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран) құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 93%-дан, 94%-ға өсті.
Құрылысы өтпелі 8 нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қала тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендердегі қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу көзделуде.