ШЫМКЕНТ: Абай ауданында көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
679

Тазалық жұмыстарына "Build Stroi" ЖШС 25 арнайы техникасы жұмылдырылған.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тазалық жұмыстарына "Build Stroi" ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 2 дана, Погрузчик – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5875 куб инертті материал бар.