Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен жандарға көмек көрсету Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін қала әкімі бастаған топ Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан эвакуациялық пунктердің бірі - Политехникалық колледждің жатақханасына барып, арыстық азаматтарға демеушілердің қолдауымен алынған киім-кешек, азық-түлік және қажет тұрмыстық заттарды жеткізді.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен үй-күйін тастап келгендерді жылы сөзбен демеп, қолдау көрсетті.