ШЫМКЕНТ: Әбілсейіт Рабаев орнынан кетті

0
1 701

Оның міндетін атқарушы болып "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды.


ШЫМКЕНТ: Әбілсейіт Рабаев орнынан кетті

"Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма Төрағасы Әбілсейіт Рабаев қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әбілсейіт Рабаев "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма Төрағалығынан басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

"Shymkent" ӘКК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Басқарма төрағасының орынбасары - Нұржан Батырбекұлы Исламбеков тағайындалды.

Еске салсақ, "Shymkent" ӘКК АҚ Басқарма Төрағалығына Әбілсейіт Рабаев биылғы жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.