​ШЫМКЕНТ: Айгүл Қапбарова Парламент Сенатына ұсынылды

0
2 583

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қабылдады.


​ШЫМКЕНТ: Айгүл Қапбарова Парламент Сенатына ұсынылды

фото: ашық дереккөзден

Бүгін алтыншы рет шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессия отыры өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сессия отырысына Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, кезекті күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына кандидат ұсынылды.

Алдағы уақытта Парламент Сенатын сайлау өткізілетініне байланысты «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі Төлегенов Айдар Мұсаұлы «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызының кандидатурасын ұсынып, депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қабылдады.

"Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының еліміздегі ең жоғарғы өкілетті орган Парламент сенатының депутаттығына ұсынып отырғанына және маған сенім артып отырғанына үлкен алғысым мен зор құрметімді білдіремін. Бұл қызметтің үлкен жауапкершілігін мен сезініп отырмын. Бұл бір жағынан біздің журналистикаға, әріптестерімізге деген құрмет. Біздер журналистикада жүріп елдің ішкі мұңын, қандай мәселелер мазалайтынын біліп жүрміз. Сондықтан заңдық тұрғыда қандай мәселелерге өзгеріс енгізу қажеттігін, қандай заңды құжаттарды жасауымыз қажеттігін сеземіз. Бұл қадамды маған ғана емес, жалпы журналистер қауымын жасалған құрмет деп білемін",- дейді Айгүл Қапбаров.

Айгүл Жарылқасынқызы еңбек жолын 1997 жылы Облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін "Оңтүстік Қазақстан" газетінің саясат бөлімінде меңгеруші болды. "Шымкент Медиа" МКК бас редакторының орынбасары және директор-бас редакторы қызметін атқарған.