Осы бағытта Алматы, Шымкент қалаларының республикалық деңгейде күй байқауын, айтыс өткізу жөніндегі нақты ұсыныстары қолдау тапты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың төрағалығымен Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойын атап өту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мерейтойлық шаралар аясында өңірлерде ғалым есімін есте қалдыру, шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында конференциялар, кітап көрмелері, ғылыми жобалар сайысы, әдеби кеш сияқты іс-шаралар жыл басынан бастау алып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Айта кетейік, Ақселеу Сейдімбек этнограф, жазушы, саналы ғұмырын қазақтың ауызекі тарихын, халқымыздың өнегелі салты мен шежіресін зерттеуге арнаған тұлға ретінде белгілі.
Осы ретте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға біртуар тұлғаның мұрасын өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде кеңінен пайдалануға басты назар аударуды тапсырды.
Сондай-ақ, жиналыс қорытындысы бойынша республикалық деңгейдегі іс шарларды күшейту туралы тапсырмалар берілді. Осы бағытта Алматы, Шымкент қалаларының республикалық деңгейде күй байқауын, айтыс өткізу жөніндегі нақты ұсыныстары қолдау тапты.