Табиғаттың тынысын ашып, қоршаған ортаны, тұратын ауламызды шаңынан қағып алатын сенбілік жұмыстарының маңызы зор, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Науқан барысында шөптерді ору, ағаштарды қырқу, иригациялық жүйелер мен көшелерді тазалау, сыпыру, жол жиектері, арықтар күл-қоқыстан тазартылды. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 10 арнайы техника, 150 ден астам адам жұмылдырылып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне тұрғындар да белсене көмек көрсетті. Сондай-ақ, балалар ойын алаңдарының тозығы жеткен жерлері жөнделіп, жыртылған төсеніштері жамалды.
“ «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен тұрғындар ерекше белсенділік танытуда. Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз. Жанға рахат, көңілге шаттық сыйлайтын тазалық шараларына алдағы уақытта да аудан тұрғындары белсене қатысса, нұр үстіне нұр болар еді”, – дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.
Еске салсақ, Шымкент қаласындағы 5 аудан бойынша коммуналдық мекеменің жұмысшылары көше бойында шөптерді ору, көшені жуу, қоқыстан арылту жұмыстарын атқарып жатыр.
Жарылқасын Машбек жылдың соңына дейін бекітілген жоспар бар екенін, соған сәйкес тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілетінін атап өтті. Айта кетсек, бүгінгі «Таза бейсенбі» іс-шарасында қала тұрғындары да белсенділік танытып жатыр.