ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді

0
485

Аудан аумағындағы аулалардағы ағаштарды ретке келтіру және кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының көшелерінде жол белгілерін жауып қалған және электр желілеріне тиіп тұрған талдардың бұтақтары кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстар Шымкент қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының нұсқамасына сәйкес атқарылуда.
Сондай-ақ ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары ауданның көпқабатты үйлерінің ауласында да жүргізілуде. Себебі ағаштың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса, электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін.
Аудан аумағындағы аулалардағы ағаштарды ретке келтіру және кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.