ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ауыз су мәселесі толық шешілді

0
446

Аталған жұмыстар Шымкент қаласын дамытудың жоспары аясында атқарылды.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ауыз су мәселесі толық шешілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби аумағына қарасты елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстар Шымкент қаласын дамытудың жоспары аясында атқарылды.
Атап айтатын болсақ, Сәуле шағынауданы «Жаңабазар» көшесінде өткен жылы су құбырлары тартылып, қалып кеткен 40-тан астам үйге сапалы ауыз су жетті. Құрылыс жұмыстары «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізілді.
Ал, Текесу елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары «Жаңару» мердігер мекемесі тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, абоненттеу жұмыстарынан кейін су берілді. Жалпы Текесу елді мекенінде 140 шаңырақ бар.