24 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары орнатылды.
ERNUR.KZ. Бүгінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында өткен жылы 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары орнатылды.
Тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша биыл 70 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандырып, балалар ойын және ашық спорт алаңшаларын орнату жоспарлануда.