ШЫМКЕНТ: «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы іске асып жатыр

0
591

Бұл туралы Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы брифинг барысында мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы іске асып жатыр

Шымкент қалалық прокуратурасы жергілікті қылмыстық қудалау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Жандос Досанов брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, алаяқтық қылмыстармен күрес шараларының нәтижесінде қаламызда қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43%-ға төмендеген. Оның ішінде интернет-алаяқтығы 73 пайызға азайған.

Сонымен қоса, қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргенін анықтаған. Егер өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болған.
"Барлық істер ашылды, биылғы жылы 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Интернет алаяқтығының көпшілігі «Инстаграм, Колеса, ОЛХ, Крыша» әлеуметтік парақшалары мен «Каспи», «Еуразия», «Халық» интернет банкингтерін қолдану арқылы жасалынған. Мұндай жағдайда азаматтар кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу арқылы тексеруді және барлық жарнамаларға, әсіресе өздерін Банк қызметкеріміз деп таныстырғандарға күмәнмен қарауы керек", - деді Жандос Досанов.
Айта кетейік, өзге істермен жедел іздестіру шаралары жан-жақты атқарылуда.