Шымкент қаласында алдағы 5 жылда 1 трлн. 119 млрд теңгеге 78 жоба жүзеге асырылады деп күтіліп отыр. Оның тек 397 миллиарды ғана қазынадан бөлінеді екен.
Фотоны түсірген Асхат Әссанди
Шымкент қаласында алдағы 5 жылда 1 трлн. 119 млрд теңгеге 78 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Шымкентке жасаған іс-сапары барысында қала әкі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді.
"Алдағы 5 жылда 1 триллион 119 миллион теңгені құрайтын 78 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 315 миллиард теңге, жергілікті қазынадан 82 миллиард теңге және мемлекеттік- жекеменшік серіктестік арқылы 75 миллиард теңге, жеке және басқа да көздерден 645 миллиард теңге қаржы тартылатын болады",- деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.