ШЫМКЕНТ: Алпысбаев және Сәдуақасов көшелеріне асфальт төселіп жатыр

0
481

Сметалық құжаттамаға сәйкес, көшелердің ені 5 метрді құрайды.


ШЫМКЕНТ: Алпысбаев және Сәдуақасов көшелеріне асфальт төселіп жатыр

Шымкент қаласындағы Алпысбаев және Сәдуақасов көшелеріне асфальт төселуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында Ақжайық шағынауданы тұрғындары елдімекен аумағындағы бірқатар көшені жөндеуден өткізу бойынша өтінішін жеткізген болатын. Тұрғындар талап-тілегі ескеріліп, 2021-2025 жылдарға арналған жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына Алпысбаев және Сәдуақасов көшелерін орташа жөндеуден өткізу жобасы енгізілген.
Ұзындығы 2,2 шақырым нысанда бүгін құрылыс жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамаға сәйкес, көшелердің ені 5 метрді құрайды. Осыған дейін Ақжайық елдімекендегі көшелердің 90 пайызы асфальттелген.

Сондай-ақ, биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды. Бүгінде жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді. Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеуші есебінен «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. 2023 жылы І кезеңмен ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 75 көшені жөндеу жоспарлануда.

Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.