ШЫМКЕНТ: Апаттық-құтқару және жол қызметінің техникалары таныстырылды

0
1 929

Барлық техника ұзындығы 1292 шақырым құрайтын 225 көшесіне қызмет көрсетеді.


ШЫМКЕНТ: Апаттық-құтқару және жол қызметінің техникалары таныстырылды

Шымкенттегі «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында авариялық-құтқару және қалалық жол қызметінің техникалары таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, инертті материалдардың қорын және төтенше жағдайларда қолданылатын техниканың дайындығын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұқарбай Парманов, қалалық төтенше жағдай департаментінің бастығы Н.Дербисов пен департамент бастығының орынбасары Е.Бахаевпен тексерді. Бұл іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдарының қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техниканың дайындығын тексеру, арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау.

Жалпы Шымкенттегі жол қызметтің құрамына «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «ЮгДорСервис» ЖШС, «БәйтерекЛБ» ЖШС, «НұрТау сервис» ЖШС кіреді және олардың шнекоротор, самосвал, грейдер, бульдозер, погрузчик секілді жалпы саны 151 техникасы үшінші мегаполистегі ұзындығы 1292 шақырым құрайтын 225 көшесіне қызмет көрсетеді.

Осыған орай, дайындық көрсетілімі барысында бекітілген жол учаскелеріне қызмет көрсету мәселесі, сондай-ақ, қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері пысықталды.