ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағын ауданының көшелеріне асфальт төселіп жатыр

0
613

Бүгінгі күні Асар-2 шағын ауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде.


ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағын ауданының көшелеріне асфальт төселіп жатыр

Шымкент қаласы Асар-2 шағын ауданының көшелеріне асфальт төселуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, мегаполистің ішкі орам көшелерін жөндеуден өткізуге басымдық берілген. Осыған орай, шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, өз кезегінде жұмыстар жүйелі атқарылуда.
Бүгінгі күні Асар-2 шағын ауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде. Аталған шағын ауданның 4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы - 1,2 шақырымды, ені 5 метрді қамтыса, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метрге жеткізілді.
Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізілу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 74 көшеге асфальт төселеді. Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды. Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.