Сатып алушы оның техникалық жағдайын жақсартуға міндетті болады.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің теңгеріміндегі Шымкент әуежайы сатылымға шықты, деп жазады azattyq-ruhy
Әуежай сенімгерлік басқаруға арналған тендер бойынша сатып алу құқығымен берілмек.
Сатып алушы оның техникалық жағдайын жақсартуға міндетті болады.
«Шымкент әуежайы» АҚ акциялары (100%) 5,7 млрд теңгеге саудаға шығарылды. Олар 2022 жылдың 9 ақпанында «сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер» түрі бойынша өткізіледі.
Жеңімпаз өндірістік үй-жайлар мен жабдықтарды жаңартуға, перронды қайта құруға міндетті болады. 854,3 млн теңге кепілдік жарнасын енгізусіз шарт жасалмайды.
«Шымкент әуежайы» АҚ акцияларын Шымкент қаласының қаржы басқармасы иеленеді. Олардың нарықтық құны активтер (6,2 млрд теңге) мен міндеттемелер (550 млн теңге) арасындағы айырма ретінде айқындалды. 2021 жылы қоғамның түсімі 3,4 млрд теңгені, пайда – 250,3 млн теңгені құрады.
Бағалы қағаздар 2020 жылдың 8 қазанында сауда-саттық объектісіне шығарылды. Сол кезде оның нарықтық құны 0,4 млрд теңгеге кем болған, бірақ қатысушылардан бірде-бір өтінім түспепті.