ШЫМКЕНТ: Автобустардағы қолма-қол төлем бағасы 100 теңгеге өсті

0
1 932

Жаңа жүйеге сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеген жағдайда 70 теңге төлейді.


ШЫМКЕНТ: Автобустардағы қолма-қол төлем бағасы 100 теңгеге өсті

Бүгін қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы онлайн режимде өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күн тәртібінде 26 мәселе қаралды.

Сессия барысында қала әкімдігінің 2019 жылғы бюджетінің атқарылған есебі тыңдалып, бюджетке өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай Шымкенттегі қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту мақсатында бағаларды саралау мәселесі қаралды.

Енді қала тұрғындары жаңа жүйеге сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеген жағдайда 70 теңге, ал қолма қол болса 100 теңге төлейтін болады.