ШЫМКЕНТ: Автокөлік алты бірдей баланы қағып кеткен

0
917

Оқиға салдарын 1 бала жансақтау бөліміне жеткізілген. Бүгінде жүргізушіге қарсы қылмыстық іс қозғалып, түрлі сараптамалар тағайындалды.


ШЫМКЕНТ: Автокөлік алты бірдей баланы қағып кеткен

2019 жылғы 27 мамырында сағат 15.30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы автотұрақтардың бірінде «Opel Kadett» автокөлігінің жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған балаларды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция тобының қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің 6 жасөспірім баланы қағып кеткенін анықтады. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 1 жасөспірім қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалған 5 бала жеңіл жарақат алып, үйлеріне қайтарылды.

Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.