ШЫМКЕНТ: «Ажырасудың көбеюіне атаулы әлеуметтік көмектің қатысы жоқ»

0
1 035

Шымкент қаласында ерлі-зайыптыларды ажырасуы көбейген.


ШЫМКЕНТ: «Ажырасудың көбеюіне атаулы әлеуметтік көмектің қатысы жоқ»

Шымкенттік басқарма басшысының орынбасары неке бұзу жағдаларына АӘК-нің қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгінгі өткен АХАТ бөлімінің 2019 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары жөнінде өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақыттағы неке бұзу актілерінің көбеюіне атаулы әлеуметтік көмектің қатысы жоқ.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасқандар көбейді деген хабардың бар екені рас. Бірақ неке бұзу жағдайларының көбеюіне оның қатысы жоқ», - деді Нұрғали Егембердиев.

Айта кетейік, бұған дейін 2019 жылы Шымкент қаласында ерлі-зайыптыларды ажырасуы көбейгенін хабарлаған едік.