​ШЫМКЕНТ: Бас полицей «Асар-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

0
737

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


​ШЫМКЕНТ: Бас полицей «Асар-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков Қаратау ауданы Полиция басқармасының әкімшілік аумағына кіретін «Асар-2» шағынауданына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкенттік тәртіп сақшыларының қызмет атқару барысындағы ұстанатын басты қағидаларының бірі – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша азаматтарға мейлінше жақын болып, олардың мәселелерінің заң аясында жедел әрі сапалы шешімін табу.

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын алғы бастамаға қойып ұйымдастырылған іс-шарада мегаполистің бас полицейі аумақ тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер бойынша сауалдарға жауап берді.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар ұрлық жайттарын болдырмау және бұл қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы өтініштерін білдірді.

Өз кезегінде, полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы азаматтардың тарапынан қойылған барлық сындарлы ұсыныс-тілектер дереу әрі тиімді қарастырылып, оларды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

“Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жеке құрамға бірқатар тапсырмалар берілді. Учаскелік полиция инспекторлары да тиісті талапқа сай әрі заң аясында шұғыл жұмысқа жұмылды. Қойылған тапсырмалардың орындалу барысы өзімнің жеке бақылауымда болады”, - деп атап өтті департамент бастығы.

Аталған бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Айта кетейік, шымкенттік полицейлер жаңа оқу жылы басталғалы мектеп оқушыларына күнделікті профилактикалық сабақтар өткізуде. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы №5 жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушыларына Абай ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Ирина Мухина «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.