​ШЫМКЕНТ: Биыл мемлекеттік басқару академиясына құжат тапсырғандар саны 3 есеге артқан

0
574

Себебі биыл оқуға қабылдау талаптарынан ағылшын тілін оқығандығы жөніндегі білімі туралы сертификат тапсыру алынып тасталынды.


​ШЫМКЕНТ: Биыл мемлекеттік басқару академиясына құжат тапсырғандар саны 3 есеге артқан

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Нысанбаев Әділет Әділбекұлы брифинг берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«2022 жылы магистратуралық білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға 65 мемлекеттік қызметші құжат тапсырды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3 есе көп болды, себебі биыл оқуға қабылдау талаптарынан ағылшын тілін оқығандығы жөніндегі білімі туралы сертификат тапсыру алынып тасталынды. Қатаң конкурстық іріктеу нәтижесінде, 65 үміткердің ішінен оқуға тек 4 мемлекеттік қызметші қабылданды. Оқытудан өткен мемлекеттік қызметшілермен кері байланысты күшейту мақсатында Филиал қайта даярлау курстарының және біліктілікті арттыру семинарлар бағдарламаларының сапасын жоғарылату мен мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыратын құзыреттерді дамытуға қайта бағдарлау мақсатында постмониторинг жүргізіліп отырады», - деді филиал басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 Қаулысына сәйкес және мемлекеттік қызметшілердің сараланатын, негізгі құзыреттерінің бірыңғай шеңберіне негізделген, тәжірибеге бағдарланған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырады.

Мекеменің ағымдағы жылғы 8 айында атқарған жұмыстарына тоқталған спикер, филиал базасында жыл басынан бері 481 адамның 5 қайта даярлау курстары мен 19 семинарда оқытылуы жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін нақты 660 мемлекеттік қызметшілер 31 біліктілікті арттыру семинарлары мен 5 қайта даярлау курстарынан өткен. Өз кезегінде қаламыздың мемлекеттік және әкімшілік лауазымды қызметкерлері жоғары білікті кәсіби маман ретінде қалыптасып, алған білімдерінің арқасында өз саласында жоғары құзыреттілігі бар маман болуына, сондай-ақ, олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіндігін атап өтті.