Шағынаудандағы үйлер мемлекеттік электр жарығымен 100 пайыз қамтылған.
Биыл Шымкент қаласы Нұртас шағын ауданы газ және сапалы электрмен толық қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Нұртас» шағынауданы қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. 16 мыңға жуық халық тұруда. Бүгінде шағын ауданда жаңадан тұрғындар қоныстана бастаған көшелерді инфрақұрылыммен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.
Шағынаудандағы үйлер мемлекеттік электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағындағы көшелерді сапалы электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңында аяқталады. Ауыз су мәселесі толығымен шешілген.
Ондағы жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерге табиғи газ берілген болса, жаңадан қосылған көшелерде көгілдір отын әзірге жоқ. Оларды қамту үшін газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысы 2022 жылы толық аяқталады.
63 көшенің 53-не асфалть төселген. Қалған 6,7 шақырымына шағал тас төселген болса, 4 шақырымы топырақ жол. Биыл 3 шақырым топырақ жолға шағал тас төселеді.