Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді.
Биыл Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған 3 мыңнан аса азамат баспаналы болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 3242 пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде 324 пәтер- арендалық бағыттағы кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға табысталмақ.
Сонымен қатар, 111 арендалық пәтермен тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, 888 арендалық пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілсе, 1919 пәтер жеңілдетілген несиелік бағыттағы бағдарламалар арқылы азаматтарды баспанамен қамту көзделіп отыр.