ШЫМКЕНТ: "Бизнеске арналған Үкімет" өз жұмысын бастады

0
1 995

Шымкент қаласында ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірығай орталығында 71 түрлі қызмет көрсетіледі.


ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласында Кәсіпкерлер палатасымен "SHYMKENT" ӘКК" АҚ бірлесе отырып, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы "Бизнеске арналған Үкімет" жұмысының тұсаукесері өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл орталық негізгі мақсаты - "бір терезе" қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамту үшін барлық жолдарын бір орталықтан қызмет көрсету. Бүгінде мұнда 7 бағыт бойынша 71 қызмет түрін көрсетеді. Олар:

1) Мемлекеттік қызмет аймағы;

2) Өткізу аймағы;

3) Қаржыландыру аймағы;

4) Құқықтық сүйемелдеу аймағы;

5) Құзырет аймағы;

6) Сандық қызметтер аймағы;

7) Бизнес-Супермаркет;

Орталықтың ашылу салтанатына "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев арнайы келіп қатысып, қала әкімдігімен өзара келісімшартқа қол қойды.

"Күні бүгінге дейін бұл қызмет түрлері қаладағы кәсіпкерлерге көрсетіліп келген. Бірақ, жеке-жеке! Біздің мақсатымыз кәсіпкердің уақытын үнемдеу үшін соның барлығын бір жерге топтастыру болды. Енді олар бір терезеден бүкіл қызмет түрлерін ала алады. Бұған дейін мұндай орталық еліміздің 2 қаласында болған. Алматы облысы мен Маңғыстауда ашылған болатын. Бұрынғы қызметтердің барлығы бар және біз оның функияларын кеңейтіп отырмыз. Бұ жерде тек ғана консультация ғана емес, бұ жерде нақты бір бизнес жоспар жасау. Біз "Атамекен" ретінде соның операторы болып табыламыз",- дейді Шымкент қаласы Кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.