«Кар-Тел» компаниясы тарапынан базалық станция орнатылды.
Шымкент қаласы Бозарық шағын ауданына (мектеп жанына) «Кар-Тел» компаниясы тарапынан базалық станция орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
SpeedTest қосымшасы арқылы тексеру жүргізіліп, интернет жылдамдығы жоғары екені анықталды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда екінші нүктеге (Қайнарбұлақ саяжай беті) базалық станция орнату үшін жер телімі келісіліп, монтаждау жұмыстары басталуда. Тиісті жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.