ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер инсульт алған әйелді өлім аузынан алып қалды

0
1 367

Шымкенттегі перинаталды орталықта босанған әйелдің миына қан кеткен. Дәрігерлер оның бас сүйегіне шұғыл ота жасап хирургтер босанған әйелдің бас сүйегін ашып, инсульттен пайда болған мида ұйыған қанды алып тастаған.


ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер инсульт алған әйелді өлім аузынан алып қалды

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Шымкент қаласында инсульт алған 40 жастағы жүкті әйелді дәрігерлер ажалдан арашалап қалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қалалық перинатальды орталықта босанған әйелдің жағдайы бірден нашарлап, тіпті есін жоғалтқан. Ақ халаттылар жедел тексеріп, әйелдің миына қан құйылғанын анықтаған. Дәрігерлер әйелдің бас сүйегіне шұғыл ота жасаған. Күрделі отаны Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас нейрохирургі Сәрсен Пернебеков жасаған. Хирургтер ота кезінде босанған әйелдің бас сүйегін ашып, инсульттен пайда болған мида ұйыған қанды алып тастағанын айтады.

«Комаға түскен әйелге бірден ота жасауға шешім қабылдадық. Отаны екі сағатқа жуық жасадық. Бас сүйегінің ота жасалған бөлігі алынған кезде мида ешқандай тамыр соғысы болған жоқ. Мидың түсі қою, қызыл түсті болды. Навигациялық жүйенің көмегімен мидың ішіндегі қан ұюдың орнын анықтап, мидың ішкі бөлігінің гематомасы яғни, қан ұюын алып тастадық. Ми ішінің қан ағуын тоқтаттық», — дейді ота жасаған нейрохирург Сәрсен Пернебеков.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір науқастың жағдайы жақсы. Ауруханадан толық оңалту емін алып, үйіне шығарылды. Инсульт алып, 40 жасында бала тапқан әйел сәбиімен аман есен қауышты.