ШЫМКЕНТ: «Дархан» базары қайта жаңарады

0
1 020

​Бүгінде Шымкентте базарларды қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды.


ШЫМКЕНТ: «Дархан» базары  қайта жаңарады

Жыл басынан бері бірқатар базарлар ретке келтіріліп, қайта жөндеуден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы Рашидов көшесінің бойында орналасқан «Дархан» базарын қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сай атқарылуда.
Құрылыс жұмыстары жалпы 3136 шаршы метр аумақты қамтиды. Бұл аумақта қойма үй-жайлары, сауда орындары, әкімшілік ғимарат бой көтереді.
Кәсіпкерлік нысанды жаңғырту «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен субсидия бөлінген.
Жалпы құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.