ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданындағы 20-ға жуық көшеде асфальттау жұмыстары аяқталды

0
600

Осы жылы 57 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданындағы 20-ға жуық көшеде асфальттау жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбекші ауданы аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі ауыз су, электр жарығы, табиғи газ, жол инфрақұрылымдарымен қамтылған. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек тікелей эфир барысында айтты.
Оның айтуынша, аудан ауыз сумен 94,4%-ға қамтылған болса, мемлекеттік электр жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 95,2%-ға, ал табиғи газбен қамту 86,4%-ға жеткізіледі екен.
"Аудан тұрғындарының ауыз сумен қамтылмаған 5,6 пайызын ауыз сумен қамту жұмыстары келер жылы жүргізілсе, қазіргі таңда Жалын тұрғын алабында 566 абонентке, Жұлдыз тұрғын алабының жаңақұрылысында 484 абонентке, Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылысында 750 абонентке, жалпы 1800 абонентке сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде тұрғындардың газ жүйесіне қосылу жұмыстары жүргізілуде", деді Досбол Есілбек
Тікелей эфир барысында аудан әкімі жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында осы жылы 57 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда 19 көшені асфальттау жұмыстары аяқталғанын және 38 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.