ШЫМКЕНТ: Ірі сауда орнында "Кеңес" орталығы ашылды

0
1 138

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеровтың бастамасымен және базар әкімшілігінің келісімімен 11 сәуір күні базарда мемлекеттік кірістер органының Кеңес орталығы ашылды.


ШЫМКЕНТ: Ірі сауда орнында

Шымкенттегі ірі сауда орталығында кірістер органының Кеңес орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеровтың бастамасымен және базар әкімшілігінің келісімімен 11 сәуір күні «Тұлпар 2030» базарында мемлекеттік кірістер органының Кеңес орталығы ашылды.

Сатушылармен кездескен департамент басшысы Н.Көшеров салық есептілігі нысандарын толтыру, онлайн бақылау-касса машиналарын тіркеу, оны қолдануы және салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтып кетті. Соның нәтижесінде салық төлеушілер есептерін өздері жолдай алады. Яғни, салық төлеушілер уақыттарын үнемдеп, өз жұмыс орындарынан алыстамай өздеріне тиісті салық міндеттемелерін орындайды.

"Сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикамен күрестің бір жолы – онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану", - деді Н.Көшеров.

Айта кетейік, 2018 жылы осы базар кәсіпкерлерінің 30% салық есептерін ең төменгі немесе нөлдік көрсеткіштермен тапсырған болса, қазіргі таңда мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері тарапынан атқарылған жұмыстар нәтижесінде базарда сауда жасайтын кәсіпкерлердің 90% онлайн бақылау-касса машиналарын орнатып, айналымдарын 6-7 есеге ұлғайтқан. 2018 жылы бір кәсіпкер жылына тек 28,0 мың теңге төлеген болса, қазір бір ай ішінде 14,0 мың теңгеге жуық төлеп отыр.

"Мемлекетіміз бизнесті қолдап, сіздердің қызметтеріңізді тексермей, барлық жағдайды жасап жатқаны бәрімізге мәлім, сол себептен табыстарыңызды айқындайтын, жасырмайтын уақыт келді, барлықтарыңызды өз жұмыстарыңызда бақылау-касса машиналарын қолдануға, чектерді ұрып, өз табыстарыңызды айқын көрсетуге шақырамын", - деді мегаполистың бас салықшысы.

Жиын соңында кәсіпкерлер мен салықшылар арасында диалог өтіп, кәсіпкерлердің ұсыныстары ескеріліп, алдағы уақытта екі жақтама жұмыс жасауды нығайту келісілді.