Қазіргі уақытта бірнеше нысанда су құбырларын тарту жұмыстары атқарылуда.
ERNUR.KZ. Бүгінде Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Бұл аумаққа бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылып, қазіргі таңда ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталды.
Елдімекенді тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін мердігер мекеме тарапынан жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілді.
Қалада ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98%-дан 99,5%-ға жетті. Аталған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін елдімекендер сапалы сумен толық қамтылады.