ШЫМКЕНТ: Қала әкімі №189 орам тұрғындарымен кездесті

0
447

Мұрат Әйтенов халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамту мақсатында атқарылған жұмыстарды тексерді.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі №189 орам тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы №189 орам тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауына келген №189 орамдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық мәселелерге қатысты талап-тілектерін жеткізген болатын. Су, газ, электр қуатының үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді сұраған азаматтардың өтініші ескеріліп, шұғыл түрде ақауларға зерделеу жұмыстары жүргізілген.
Аталған тұрғын үйлерге арнайы барған Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамту мақсатында атқарылған жұмыстарды тексерді.
Бүгінгі таңда жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде бұл үйлерде ауыз су, жылы су, электр энергиясы тұрақты берілуде.
Сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан табиғи газды қосу үшін абоненттердің жеке есеп шоттарын ашу жұмыстары жүргізілуде.
“Пәтерлерге газ беру мәселесін бір апта көлемінде шешіңіздер. Сондай-ақ тез арада мүгедектігі бар азаматтардың үйлерге кіріп-шығуына ыңғайлы болуы үшін пандустарды және құрылыстағы кейбір кемшіліктерді талапқа сай қалпына келтіру қажет” – деді қала әкімі.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, биыл Шымкент қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешіледі. Ол үшін биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін ақталады. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 155 шақырым құбыр тартылып үлгерген. Яғни, жұмыстың шамамен 47 пайызы орындалды деген сөз. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған.