ШЫМКЕНТ: қала әкімі арнаулы әлеуметтік орталықтың жай-күйімен танысты

0
750

Қазіргі таңда 240 мүгедектігі бар азамат стационарлық режимде ем алуда.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі арнаулы әлеуметтік орталықтың жай-күйімен танысты

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс барысын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған орталықта 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар І-ІІ топ мүгедектеріне стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Атап айтсақ, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық және педагогикалық 8 әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Қазіргі таңда 240 мүгедектігі бар азамат стационарлық режимде ем алуда. Орталықта 55 бейнебақылау орнатылған. Жалпы аумағы 0, 946 гектарды құрайды. Бүгінде арнаулы әлеуметтік орталықты күрделі жөндеуден өткізу мәселесі туындап отыр.
Орталықтың жағдайымен танысқан қала басшысы жауаптыларға мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және кез келген мезгілде ыңғайлы болу үшін спорт алаңшасының шатырын орнату бойынша нақты тапсырмалар берді.