ШЫМКЕНТ: Қала әкімі аспалы темір көпірдің құрылысымен танысты

0
452

Жеке инвестор есебінен салынып жатқан көпірдің ұзындығы 18 м, ал ені 5 м.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі аспалы темір көпірдің құрылысымен танысты

Шымкент қаласының басшысы Мұрат Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жеке инвестор есебінен салынып жатқан көпірдің ұзындығы 18 м, ал ені 5 м.

Еңбекші ауданындағы №12 қалалық аурухана мен Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана ортасын байланыстарын, басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға төте жол салып тұрған көпірдің тұрғындар үшін ыңғайлы.

Жаңа көпір жол кептелісін және жүктемесін азайтуға септігін тигізбек.

Еске салайық, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін аспалы темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.

Сонымен қоса, бүгін қала әкімі Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым нысандары жұмыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың 90%-ы атқарылған. Қыркүйек айының соңында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек. Нәтижесінде, Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа елді мекендеріндегі

1 729 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді.