ШЫМКЕНТ: Қала әкімі «BIO Food kz» нысанының жұмысымен танысты

0
519

Өндіріс ошағы күніне 25 тоннадан астам сүтті қайта өңдеп, қаймақ, сары май шығарады.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі «BIO Food kz» нысанының жұмысымен танысты

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Базарқақпа елді мекенінде орналасқан «BIO Food kz» ЖШС жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өндіріс ошағы күніне 25 тоннадан астам сүтті қайта өңдеп, қаймақ, сары май шығарады. Оған қосымша қатты ірімшіктің 4 түрін өндіруде. Барлық шығарылған өнім ішкі нарыққа бағытталып отыр.
Негізі биыл қаланған нысан соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Әзірге 25 адам тұрақты жұмыс атқаруда.
Біз ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге қарағанда, қайта өңдеп тұтынуға лайықты, дайын өнім алатын өндіріс кластерлеріне бет бұруымыз керек. Өзімізді толықтай қамтуға қауқарлы, әрі өнім сапасы жоғары талапқа сай жасалса, халықтан сұраныс бұдан да көп болары анық”, - деді шаһар басшысы.
Өз кезегінде «BIO Food kz» ЖШС басшылығы қайта өңдеу саласында тағы бірнеше жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.