Шымкент қаласының мәртебесі мен мерейін асыратындарына сенім артты.
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл футболдан Ел чемпионатының жеңімпазы болған «Ордабасы» клубын салтанатты түрде құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Марапаттау кешінде қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді.
Сонымен қатар, қала басшысы: «Ордабасы» командасының әр ойынында стадионымыз жанкүйерге толды. Бұл — қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығы артқандығының белгісі. Осы жеңіске жанкүйерлеріміздің осылай қолдау көрсетуінің арқасында жеткенімізді атап өту қажет», — деп, жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ қала әкімі «Ордабасы» ойыншыларына УЕФА Чемпиондар лигасындағы кездесулеріне сәттілік тілей отырып, ел намысын қорғап, Шымкент қаласының мәртебесі мен мерейін асыратындарына сенім артты.
«Көрме» орталығында өткен салтанатты кеште бас бапкер мен жаттықтырушылар арнайы марапатталды.