ШЫМКЕНТ: Қала әкімі қаланы аралап, нақты тапсырмалар берді

0
822


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі қаланы аралап, нақты тапсырмалар берді

ERNUR.KZ. Елімізде жыл сайын қыркүйектің алғашқы жексенбісі мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі.


Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Шымкент қаласындағы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өндірістік филиалын аралап, жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында атаулы дата қарсаңында кәсіпорын ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады.


Одан әрі, Еңбекші ауданы, «Жасдаурен» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар әкіммен бірге коммуникациялық желілерді тарту, саябақ, балалар мен спорт алаңын салу, көшелерді кеңейту және қоғамдық көлік маршруттарының бағытын өзгерту мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, Алатау көшесінің тұрғындарымен де жүздесті. Азаматтар бақылау камераларын орнату, жарықтандыру және полицияның қосымша бекетін орналастыру, балалар ойын алаңы мен «Алатау» саябағына демалатын орын салу сынды өзекті мәселелерді көтерді.

Нәтижесінде, қала әкімі кезекті аралау қорытындысы бойынша сала басшыларына және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, гүлзар мен балаларға арналған ойын және спорт алаңы құрылысын қарастырып, алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізу міндетін қойды.