ШЫМКЕНТ: қала әкімі Қызылсайдағы темір жоласты өткелінің құрылыс сапасын пысықтады

0
420

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 55%-ы орындалған.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі Қызылсайдағы темір жоласты өткелінің құрылыс сапасын пысықтады

Шымкент қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қызылсай тұрғын алабындағы темір жол асты өткелінің құрылыс қарқынын көріп, атқарылып жатқан жұмыстың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кірме жол құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Жер асты жұмыстары жалғасып, инженерлік желілер қайта орнатылуда.
Мұнда көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 55%-ы орындалды. Жобаға сәйкес нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.
Қала басшысы бұл нысан тұрғындар үшін маңызға ие екенін айтып, жауаптыларға мердігердің құрылысты сапалы әрі мерзімінен кешікпей аяқтауды тапсырды.