ШЫМКЕНТ: қала әкімі жол құрылысымен танысты

0
329

Орташа жөндеу жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі жол құрылысымен танысты

Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков жол құрылысы нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде бас жоспарға сай салынып жатқан Қонаев даңғылының жалғасында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бұл құрылыс Бадам көпірінен оңтүстік бағытқа қарай 4,7 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 2,8-4,7 шақырымдар аралығында жол негіздері салынып, асфальтобетон жабындысының төменгі қабаты жүргізілген. Сонымен қатар, мұнда инженерлік желілер жобаға сәйкес қайта орнатылды.
Құрылыс жұмыстары Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Саттарханов көшесіне дейінгі аралықта жалғасуда. Аталған жол бөлігін көлік қозғалысына 5 қарашаға дейін ашу жоспарланып отыр.
Бүгінде Жансүгіров, Анаров көшелерінен Рашидов көшесіне дейінгі аралықта көлік нөпірі көп. Жүріс бөлігі төмен түсіп, шұңқырлар пайда болғандықтан, көлік қозғалысына қауіптілігі ескеріліп, орташа жөндеу жүргізілуде.
Қала басшысы осы аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын қадағалады. Жобада жол жамылғысын жаңарту, құдықшаларды ауыстыру қарастырылған. Орташа жөндеу жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.
Қала әкімі жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды.