Колледждің директорынан 1 млн 200 мың теңгені алдау арқылы иемденді деген күдікке ілінген.
Шымкент қаласы әкімдігі ішкі аудит қызметінің басшысы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлама жасады.
«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі аудит қызметінің басшысы А.Сламовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, А.Сламов 2018-2019 жылдар аралығында Шымкент қаласы Білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК-да жүргізілген аудиторлық тексерудің оң шешімін қабылдағаны үшін осы колледждің директорынан 1 млн 200 мың теңгені алдау арқылы иемденді деген күдікке ілінген.
2019 жылдың 11 желтоқсанында Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен А.Сламов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айырылды және оған 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.