Шымкент қаласы қайырымдылық жасауда көш бастап тұр

0
697

32 мыңнан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік қораптары мен 42 мыңнан астам адамға ауызашар себеті таратылған.


Шымкент қаласы қайырымдылық жасауда көш бастап тұр

Үшінші мегаполисте Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында бүгін қаладағы «Ақмешіт» орталық мешітінде 500 отбасыға азық-түлік қорабы таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Азық-түлік себетіндегі күнделікті ас-ауқатқа қажетті макарон, май, шай, тәттілер шымкенттік отбасыларға үлестірілді.
Бұл игі бастама Шымкенттің қайырымды қала екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Аталған акция аясында 32 мыңнан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік қораптары мен 42 мыңнан астам адамға ауызашар себеті таратылған.
«Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы ай басынан бүгінге дейін жалғасты. Қайырымды айдың әр күнінде 1000-нан аса отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз еттік. Бұл - республикадағы үздік көрсеткіш. Себебі осы уақытқа дейін басқа өңірлер 5-10 мың отбасын қамтамасыз етсе, бізде 30 мыңнан асып кетті. Бұл ігі іске демеушілік танытқан қала әкімдігіне, мәслихат депутатары мен кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз, - деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов.
Сонымен қатар бас имам қала тұрғындарын келе жатқан Айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі мен қаладағы мешіттердің ұйымдастыруымен қолға алған игі шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.