"Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өткен жылға есеп берді

0
1 855

2019 жылдың қорытындысымен 10 мекеменің 1293 жұмыскері алдындағы 192,8 млн. теңге жалақы қарызы анықталған.


«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжановтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Брифинг барысында Берік Айдарбекұлы 2019 жылы орын алған жалақы қарыздары,өндірістік жазатайым оқиғалар және еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша салалық кәсіподақ ұйымдарымен атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
2019 жылдың қорытындысымен 10 мекеменің 1293 жұмыскері алдындағы 192,8 млн. теңге жалақы қарызы анықталған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3 мекемеде жалақы қарызы толық өтелген және жалпы 179,0 млн. теңге жалақы қарызын өтеу нәтижесінде 1220 жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалған.