Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына басшы тағайындалды

0
3 550

«Казатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ «ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорны ЖШС бөлім басшысы қызметін атқарып келді.


Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына басшы тағайындалды

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы болып Мыңбаев Рашид Мамытұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рашид Мамытұлы 1981 жылы 11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетінде
МВА Swiss Montreux Business School (SMBS) «Іскери әкімшілендіру магистрі» (Швейцариялық жоғарғы бизнес-мектебі) атанған.

Еңбек жолы

● 2004 жылы ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру және кодификациялау басқармасы нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
● 2006 жылы – ҚР Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаментінің заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасының өндірістік саладағы заңға бағынысты актілерді сараптау бөлімінің бас маманы;
● 2007 жылы – ҚР Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаментінің заңға бағынысты актілерді сараптау басқармасы бастығының орынбасары – қорғаныс, тәртіп және сыртқы байланыстар жөніндегі актілерді сараптау бөлімінің бастығы;
● 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы магистранты;
● 2010 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі –
облыс әкімдігінің Астана қаласындағы өкілі;
● 2013 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;
● 2016 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық қатынастар және ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімінің басшысы;
● 2018 жылы – Кентау қаласы әкімінің орынбасары;
● 2019 жылдан бері «Казатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ «ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорны ЖШС бөлім басшысы қызметін атқарып келді.