«Домбыра party» кешіне ұлттық аспапты серік еткен өнерпаздармен қатар қала тұрғындары қатысып, өнерлерін ортаға салды
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы орталық саябақта «домбыра Party» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталған іс-шара Шымкент қаласындағы «Орталық» саябақта қала тұрғындарының қатысуымен өтті. «Домбыра party» кешіне ұлттық аспапты серік еткен өнерпаздармен қатар қала тұрғындары қатысып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, домбыра үйренгісі келген адамдарға арналған кішігірім сабақтар да ұйымдасырылған.
«Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы жастардың бойына патриоттық сезім ұялатуға оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Өзім асық ату мен домбыра тарту сайыстарына қатысып бір жеңілдеп қалдым. Қазіргі ұлттық құндылықтардың бағасы төмендеген қоғам үшін бұл тиімді қозғалыс болады деп сенемін», - дейді қатысушы Сүндет Сейітов.
Айта кетейік, кеш аясында қазақтың ұлттық ойыны "Асық ату" мен "Ләңгі тебуден" де жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Топтан озып шыққан ұлттық ойын шеберлеріне ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар табысталды.
Еске сала кетейік, іс-шара «Отырар» телеарнасының жастары ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған болатын.