№ 83 орта мектепте салтанатты түрде кадет сыныбы ашылды.
Осы жылдың 27-29 қараша аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасының және Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы аясында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Акция барысында №6 колледжде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары жоғары сыныптың оқушыларымен бірлесіп, төменгі және кадет сыныптарының оқушылары жол қозғалысының қатысушылары екендігін және жол оқиғаларын алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Балалар бағдаршамның қай дабылы қосылғанда жолдан өтетінін және қандай белгілер жаяу жүргіншіге көмек болатыны туралы ескертті. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жол қозғалысының жас қатысушыларына жолда жиі болатын оқиғаларға ұшырамау үшін нені есте ұстау керектігіне баса назар аударып, түсіндірді. Сондай-ақ төменгі сыныпоқушыларының арасында жол қозғалысының ережелері туралы суреттердің шығармашылық байқауы өтті.
Сонымен қатар, Молда Мұса атындағы №5 орта мектепте кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, психологтар, оқытушылар мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жағдайы мен профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілсе, А.Молдағұлова атындағы № 29 орта мектепте жоғары сынып оқушылары «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды.
Ал № 83 орта мектепте салтанатты түрде кадет сыныбы ашылды. Іс-шара барысында инспекторлар кадеттерге төсбелгі тағып, кадет сыныбы, жас қыран, жас ұлан оқушылары ресми түрде ант қабылдады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар қатысушылардың барлығына мектепте және оның сыртында тәртіп сақтау керектігін ескертті.
Полиция қызметкері балаларды жаяу жүргінші жолымен қалай өзін-өзі дұрыс ұстап өту керектігін түсіндіре отырып жолдан өткізді. Жолдан өтер кезінде балалар арнайы өту орнына арналған жаяу өтпе жолынан ғана өту керектігіне басты назар аудартты. Алдымен оңға, одан соң солға қарап, жүргізуші көлігін тоқтатқанына немесе тоқтатуға ыңғайланғанына көз жеткізгеннен соң өту керектігін түсіндірді.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметі