​Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті

0
2 192

Сенбілікке 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды.


​Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті

Шымкент қаласында 18 қыркүйек World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әрбір мекеме өздеріне жүктелген аумақтарды қоқыстан тазалады. Ол жұмыстарға 12 мыңға жуық тұрғын қатысты.
Сенбілікке 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 165 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге ирригациялық арықтар тазаланып, демалыс орындарында сырлау жұмыстары жүргізілді.
Осы күні «Жасыл Ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарының маусымдық жобасының жабылу салтанаты өтті. Онда қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан белсенді жастарды марапаттады. Бұл жобаға жалпы қаладағы 1200-ге жуық жастар қамтылған.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан әрбір қала тұрғыны үлес қосуы қажет.