Шымкент қаласының бюджеті артатын болады

0
1 192

Қала бюджетінің атқарылуына талдау жүргізіліп, кірістердің жоспарына ішінара өзгерістер енгізілген.


Шымкент қаласының бюджеті артатын болады

Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін нақтылау бойынша баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлының қатысуымен өткен жиын барысында ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі, 23 қыркүйектегі №490,№701 Қаулыларына сәйкес 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізілгені белгілі болды. Оның ішінде негізгілері:

• Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 10 981,3 млн. теңге;

• Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй салуға (304 пәтер) 2 160,0 млн.теңге және тұрғын үй сатып алуға (600 пәтер) 4 320,0 млн.теңге;

• Жастар практикасына және жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге2 020,0 млн. теңге;

• Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға 1 111,3 млн.теңге;

• Азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға 778,3 млн. теңге;

• Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар маман даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 111,4 млн.теңге;

• Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендияны ұлғайтуға 106,4 млн. теңге;

• Орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруға 732,1 млн.теңге бөлінген және 2019 жылғы қала бюджетінің атқарылуына талдау жүргізіліп, кірістердің жоспарына ішінара өзгерістер енгізілген.

Нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 215,7 млрд.теңгеден 237,1 млрд.теңгеге дейін артатын болады (өсім 21,4 млрд. теңге).