Еңбекші ауданына қарасты басты және ішкі орамдық жалпы саны 84 көшеде қар күреу жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласында қардан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда, Еңбекші ауданына қарасты басты және ішкі орамдық жалпы саны 84 көшеде қар күреу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 24 арнайы техника, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 1 дана, Трактор 320 – 1 дана, Газ-Саз - 1 дана, Камаз самосвал – 1 дана, Газ 53 – 5 дана, Погрузчик – 1 дана, және аулалар мен аяқ жолдардың қарын күреуге 253 жұмыс күші тартылды.
Ал, Әл-Фараби ауданында басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары 5 бағыт бойынша тоқтаусыз жүргізілуде.
Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 42 арнайы техника, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 11 дана, Трактор 320 – 2 дана, Камаз сельхоз – 2 дана, Газ 53 – 12 дана, Погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 185 жұмысшы күші жұмылдырылған.
Сонымен қоса, жаңадан құрылған Тұран ауданында ішкі орам және орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
"Тазалық жұмыстарына көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын, аялдамаларды тазалау және аулаларды тазалау жұмыстарына, магистралды 96 көше, қардан тазалау жұмыстары үшін 12 бригада жұмылдырылды. МТЗ 80 - 4 дана, кіші трактор - 3 дана, КДМ - 12 дана және жалпы саны 278 жұмыс күші тартылды", - делінген әкімдік ақпаратында.
Айта кетейік, тазалық жұмыстары әкімдік тарапынан және мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауда.