ШЫМКЕНТ: Карантиндік шектеу шараларына өзгертулер енгізілді

0
491

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы «сары» аймақта.


ШЫМКЕНТ: Карантиндік шектеу шараларына өзгертулер енгізілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте карантиндік шектеу шараларына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, ұлттық құрама командаларға, клубтық командаларға спорттық жаттығуға, қалалық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын (30 адамнан аспайтын, қатынассыз термометрия спорттық базада тұру) өткізуге рұқсат берілді. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ғақарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілді.

Медициналық ұйымдар мен дәріханалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Түнгі және ойын клубтарының жұмысына тыйым салынды.

Азық-түлік дүкендері мен шағын маркеттер өз жұмысын қалыпты режимде жалғастырады. Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер қалыпты режимде жұмыс атқарады. Қоғамдық көлік қозғалысының уақыты 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеумен бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша, рұрсат етіледі. Ас беру (еске алу) жиындарына тыйым салынды. Зоосаябақ қалыпты режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы «сары» аймақта.