ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы биыл ауызсумен толық қамтылады

0
487

Табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы биыл ауызсумен толық қамтылады

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында баяндама жасады.


Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11.


Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %. Қазіргі таңда ауыз сумен қамтуды қажет ететін елді-мекендер Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар биылғы жылы аяқталады. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 % құрайды.

Ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай Т/А, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.